Елімізде репродуктивті денсаулық апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025

Елімізде репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Барлық мектептер мен медициналық мекемелерде ашық есік күндері, тренингтер мен онлайн вебинарлар өтеді. Мақсат – ерте жүктіліктің денсаулыққа зиянын түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың арасында ағарту жұмыстарын көбейту. Сандарды сөйлетсек, елімізде кейінгі 5 жылда 12 мыңнан астам жасөспірім ерте ана атанған. Ал инфекция жұқтырған жастардың 60 пайыздан астамы медициналық көмекке жүгінбейді. 

Жанель Өтеулі

Хабарламаларға жазылу