Таразда «Бауыржан Момышұлы музейі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Бауыржан Момышұлы музейі» ашылды

09.05.2025

Таразда Жеңістің 80 жылдығы аясында «Бауыржан Момышұлы музейі» ашылды. 200 шаршы метрге жуық мұражайда батыр Баукеңнің әулет шежіресінен бастап, әскери өмірімен толық танысуға болады.

Музейде майдангердің «Маузер» тапаншасы да тұр. Оны ол көзі тірісінде өз қолымен облыстық тарихи-өлкетану музейіне тарту еткен. Сондай-ақ қылышының көшірмесін де көруге болады. Жеке заттарынан жазу үстелі, жарық шамы, компасы мен пианиносы да бар. Жауынгердің жастық шағынан сыр шертететін суреттері де көп. Жалпы облыс әкімдігінің қолдауымен ашылған музейге 230 жәдігер қойылған. Биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толады. 

Бекет Момынқұл, Бауыржан Момышұлының немере інісі:

Ол кісі 82-ші жылы қайтыс болды. Мен сол кезде 32-де едім. Бауыржан атамыздың өз қолымен Шерхан атамызға жазған хаты бар. Басқа дүниелер де  сол біздің үйде менің әкемнің архивінде екен. Соны осы жерге тапсырдық. Ол үйде жатқаннан не пайда? Осы жерге келген адамдар Баукеңнің қолтаңбасын көріп, таныса алады.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу