Бүгін–Бауыржан Момышұлының туған күні! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін–Бауыржан Момышұлының туған күні!

24.12.2015
Бүгін–Бауыржан Момышұлының туған күні!
Бүгін–Бауыржан Момышұлының туған күні!

24 желтоқсан қазақтың арда перзенті, Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туған күні. Ол 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен, қолбасшылық дарынымен көзге түскен болатын. Бауыржан Момышұлы тәртіп пен тәрбиенің, қайсарлықтың эталонына айналған тұлға.

Бүгін–Бауыржан Момышұлының туған күні!
Бауыржан Момышұлы әу баста мұғалім, одан аудандық атқару комитеті хатшысы, қаржыгер, милиция бастығы болып қызмет атқарған. 1932 жылы міндетті әскери қызметін өтеген. 1933 жылы артиллерия училищесін бітіріп, запастағы офицер болып оралады. 1936 жылы әскер қатарына қайта шақырылды.

Бауыржан Момышұлы сол жылдары Кеңес одағының алғашқы бес маршалының бірі В.Блюхердің алдында ат спорты өнерін көрсеткен. Кейін, 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде Бауыржан Момышлұлы әскери бөлімдердің командирі ретінде айырықша дарындылығымен танылды. Ол майданға батальон командирі ретінде аттанды. Кейін полк, дивизия басқарды. Бауыржан Момышұлы майданда 7 мәрте қоршауды бұзып шыққан қолбасшы. Ол кейін 9 гаврдиялық атқыштар дивизиясының командирі болды. Баукеңе 1942 жылы Кеңес одағының батыры атағын беру туралы тиісті органдарға ұсыныс жасаған қолбасшылар да болған. Алайда, бұл атақ оған, батыр өмірден озған соң, 1990 жылдың 11 желтоқсанында берілді.

Бауыржан Момышұлының тактикаларын Кубада, Израилде және басқа да бірқатар елдерде әскери оқу орындарында арнайы оқытады.
Қайраткер әскери тұлға ғана емес, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы болатын. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери жанрдың негізін салушы ретінде танылған. Ең бастысы бұқара Бауыржан Момышұлын тәртіп пен тәрбиенің, қайсарлықтың, әділдіктің эталоны ретінде бағалайды.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу