Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде аталып өтті

09.05.2025

Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Соғыс ардагерлері, әскерилер, тұрғындар мен аймақ басшысы облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Мерекеге жиналғандар майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Семей өңірінен соғысқа 100 мыңнан астам адам аттанған, жартысынан көбі оралмады. Ұрпақ болашағы үшін от кешкен аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды - дейді семейліктер. Жеңіс мерекесінде өңірде 300-ге жуық шара өтеді. Облыс орталығындағы мәдени шаралар отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды концертпен түйінделеді.

Бейбіт Түсіпбеков, Ауған соғысының ардагері:

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтамыз. Ешқашан мұндай соғыс болмасын. Тек қана Қазақстанымыз, еліміз аман болсын! Бейбітшілікте өмір сүрейік! Барлығыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Айдын Жақсылықов, Семей қаласының тұрғыны:

Менің атам Жақсылықов Нұрбек - соғыс ардагері. Соғыстан қайтып келгеннен кейін еңбек етіп,өмірге ұрпақ әкелді. Содан тараған ұрпақтармыз. Артымыздан өсіп келе жатқан балаларымыз аман болсын. Ұрпақтарымыз аман болсын. Соларға әкелеріміздің, аталарымыздың ерлігі үлгі болсын!

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу