Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери парад өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери парад өтті

09.05.2025
Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери парад өтті

Мәскеуде өткен әскери парадқа әлемнің 20-дан астам елінің лидерлері мен мыңдаған адам жиналды. Шеруде 11 жарым мыңдай жауынгер сап түзеп өтті. Сонымен қатар, парадта Ресей өзінің ең заманауи әскери техникасының үлгілерін көрсетті. Олардың қатарында оқ өтпейтін машиналар, танкілер, гаубицалар, «Торнадо», «Искандер», «Ярс» тәрізді зымырандық кешендер болды. Айта кетсек, Ұлы Отан соғысында Кеңес одағы 27 миллиондай адам жоғалтты. Бірақ бұл шайқастың нәтижесінде 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туы тігілгені белгілі.

Владимир Путин, Ресей президенті:

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын. Бүгін баршамызды миллиондаған адамның өмірін құрбан ете отырып, нацизмді талқандап, бостандық пен бейбітшілікке қол жеткізген ұрпаққа деген тағзым мен құрмет, қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен алғыс біріктіріп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу