Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ерекше челлендж басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ерекше челлендж басталды

20.04.2020

Парад орнына челлендж! Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік желіде ерекше челлендж бастады.

Өйткені коронавирустың таралуына байланысты жеңіс күніне жоспарланған шаралардың барлығы тоқтатылғаны белгілі. Тіпті әркери парад та өтпейді. Сондықтан қоғамдық бірлестік отан үшін соғысқан ардагерлерді инстаграм арқылы ұлықтауды жөн санапты. Челлендждің ережесіне сай, әркім ардагер аталарының майданда жазған хаттарын оқып, оны әлеуметтік желіге жүктеуі тиіс. Бұл сұрапыл соғыстың қиыншылығын сезінуге және майдангелерге деген құрметті арттыра түсетінін айтады ұйымдастырушылар.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу