Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ел намысын кімдер қорғайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ел намысын кімдер қорғайды?

06.05.2025

Үш күннен кейін Астанада дзюдодан халықаралық «Үлкен дулыға» турнирі басталады. Елімізде үшінші рет өткізілетін байрақты бәсекеде 47 елдің 400-ге жуық балуаны бақ сынайды. Арасында он шақты әлем және Олимпиада чемпионы мен жүлдегері бар. Додада Қазақстан намысын 40 спортшы қорғайды. Татами шеберлерінің арасында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен Grand Slam-ның 8 жүлдегері бар. Ұлттық құрама жаттықтырушысы қатысушы құрам 80 пайызға жаңарған деді.

Айта кетейік, әлем біріншілігі алдындағы турнирге Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева сынды үздіктер қатыспайды. 9-11 мамыр аралығында өтетін турнирді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қален Қалиұлы, дзюдодан Ұлттық құраманың жаттықтырушысы:

Жауапты жарыс. Оны біздің ұл-қыздарымыз да біледі. Қазір бәрі жоспар бойынша. Алдын ала бірдеңе айту қиын. Қазір бір әдіс алмасу емес, біздің толық жаттығу жүйеміз алмасып жатыр. Спортшылар емес жаттықтырушылардың өзі мына системаға енді-енді үйреніп келе жатыр.

Ғұсман Қырғызбаев, Олимпиаданың қола жүлдегері:

Олимпиада ойындарында жеңіске жеткеннен кейін, демалыстан кейінгі Қазақстандағы бірінші жарысым ғой бастап жатқан. Барлық күш-жігерімді жинап, елімінің туын көкте желбіретсем деген сенімдемін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу