Абайдың соғысқа қатысқан немерелерінің ерлігі дәріптелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың соғысқа қатысқан немерелерінің ерлігі дәріптелді

06.05.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Онда Абай Құнанбаевтың соғысқа қатысқан немерелері мен шөберелері туралы архивтік құжаттар көрсетілді. Әсіресе Алпаш пен Ишағы Жағыпарқызы туралы біраз тың дерек айтылды. Ұлы ойшылдың тек осы екі шөбересі қан майданнан аман оралған.

Іс-шараға жиналғандардың назарына батырлардың сирек кездесетін фотоқұжаттары мен бейнематериалдары ұсынылды.

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу