Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырды

06.05.2025

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі — гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын құпиясыздандырып, көпшілікке жария етті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Ұзақ жыл бойы құпия сақталған құжатқа гвардия подполковнигі қол қойып, жауынгердің ерлігі туралы жазған. Кемел Тоқаев 1945 жылы Еглиёвец елді мекенінде түн ортасында шабуылдаған неміс әскерін кері шегіндіргені үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Марапаттау парағында: «Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен бес немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды» деп жазылған.

Жанель Өтеулі

Хабарламаларға жазылу