Қазгидромет 16 өңірде дабылды ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет 16 өңірде дабылды ескерту жариялады

06.05.2025

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым аймағында өрт қаупі жоғары болады. Ал Атырау, Ақтөбе облыстарында нөсер жаңбыр жауады. Қостанай, Абай, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетсе, Маңғыстау мен Қызылордада шаңды дауыл тұрады.

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу