ҚҚС-тан босатылатын салалар белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚҚС-тан босатылатын салалар белгілі болды

04.05.2025

Парламент Мәжілісі Қосылған құн салығын өзгертетін Салық кодексін екінші оқылымда мақұлдады. Депутат А.Аймағамбетовтың телеграм-парағындағы жазбасына қарасақ, Үкімет техногенді минералдық жобаларды өңдеу кезінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты 10 есеге азайтуға келіскен.

Пайдалы компоненттерді сарқып тұрып алу үшін депті. Сөйтіп «қосымша ресурстар өндіруден пайда түседі және экология үшін қалдықтарды азайтуға сеп» деп негіздеген. Депутат екі аргументті де «қып-қызыл өтірік», оны Ұлттық экономика министрлігі біледі, бірақ «көмектесуге» шешім қабылдайды» деп жазған.

Техногенді минералдар дегеніміз қатты пайдалы қазбалардың қалдығы, оларға өндірушілер кезекке тұрады және қымбат. Рентабельді болмаса, ешкімге керек қылмаушы еді. Екіншіден, техногенді минералдарға капиталды шығын керек емес. Үшіншіден, қатты үңгігенде де техногенді минералдар соншалықты азаймайды. Сонымен бірге кеніштердегі руданы техногенді минералға жатқыза салу мүмкіндігі туады. Сөйтіп салықты 10 есе аз төлейді. Бұл процесте «жең ұшынан жалғасу» болуы мүмкін. Ал қазір салық төлеп отырған ондаған техногенді минералдар жобасы теп-тегіс жерде 10 есе аз төлемек. Мәжіліс депутаты А.Аймағамбетов өстіп ашынады.

Дегенмен жақсы жаңалық бар. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек ҚҚС-тан босатылады. Бұл шешім — ең қажетті дәрі-дәрмектердің бағасының күрт қымбаттауына жол бермеуі тиіс.

Салық кодексіне дауыс бергенде Мәжілістегі 88 депутаттың 76-сы қолдады, 8-і қарсы болды, 4-і қалыс қалды.


Хабарламаларға жазылу