Қытайда тәртіпті қадағалауға роботтар көмектесе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тәртіпті қадағалауға роботтар көмектесе бастады

02.05.2025

Қытайдың Сычуань провинциясында полиция қызметкерлеріне көшедегі тәртіпті бақылауға робот көмекшілер шығарылды. Робот-офицерлер Мяньян қаласы жолдарындағы көлік қозғалысын да реттейді. Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін темір машиналар полицияға таңғы 8-ден бастап кешкі 5-ке дейін қарбалас уақытта көмектеседі. Сонымен бірге қалалық Полиция басқармасы тәртіпті қадағалауға робот-иттерді де қосты. Олар көшелерде өз бетінше патруль жүргізе алады. Бастарына орнатылған камераға шынайы уақыттағы жағдайды түсіріп, алынған деректі полицияға жібереді.     

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу