Қытайда адамға ұқсайтын роботтар көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда адамға ұқсайтын роботтар көрсетілді

18.08.2023

Қытай астанасы Бейжіңде ашылған Дүниежүзілік роботтар конференциясында механикалық адамдар көрсетілді. Олар жиынға келген меймандарға қошемет білдірді. Инженерлер жаңа технологияның арқасында гуманоидтардың қимылы, буындары мен саусақтары әлдеқайда икемді бола түскенін айтады. Дегенмен роботтардың гипер-реалистік бет-бейнесі барлық адамға бірдей ұнамаған сыңайлы. Жиналғандардың бірі олардың адамға соншалықты ұқсастығына риза болса, өзге біреулер қатты шошыған.  


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу