Астанада ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтардың тұрмысын сипаттаған батыс саяхатшыларының жазбалары таныстырылды. Көрме Венгрия елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған. Мұнда венгр шығыстанушысы Арминиус Вамберидің 1868 жылы шыққан «Орталық Азияға саяхат» кітабының сирек данасы мен тарихи фотосуреттер ұсынылды. Экспозицияның мақсаты – аймақ елдерінің болмысын, мәдени мұрасын шетелдік ғалымдардың, тіл мамандары мен шығыстанушылардың көзімен көрсету. Көрмеде архивтік құжаттар мен сирек кездесетін деректер цифрлық форматта ұсынылды.
Мирас Жиенбаев, «Maqsut Narikbayev University» басқарма төрағасының кеңесшісі:
Бұл - өткенімізді бір жақты ғана емес, сан тараптан зерттеп, тарихымызды тұтас тануға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Студенттерде тарихымызды жаңа қырынан таниды. Сол үшін де National Geographic сияқты беделді халықаралық журналдарда жарияланған мақалалар мен суреттерді ұсындық. Мұнда Орталық Азия халықтарының өмір салты мен саяси жағдайы туралы айтылған өзгеше мәліметтер бар.
Ернұр Медет
