Рим папасын жерлеу рәсіміне 200 мың адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим папасын жерлеу рәсіміне 200 мың адам жиналды

26.04.2025

Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне 200 мыңдай адам жиналды. Солардың қатарында президенттер, премьер-министрлер, патша сарайларының өкілдері, монахтар, шіркеу қызметкерлері, мигранттар, үйсіздер, тіпті сотталғандар бар. Көпшілік алдында италиялық кардинал Джованни Баттиста Ре сөз сөйлеп, мигранттарға қамқорлық жасауға, соғыстарды тоқтатуға және жаһандық климаттың өзгеруімен бірлесіп күресуге шақырды. Әлемдік лидерлер ішінде АҚШ президенті мен Украина президенті де бар. Олар осы рәсім қарсаңында жеке кездесіп, «нәтижелі» келіссөз жүргізген. Францисктің мәйіті Римдегі Санта-Мария- Маджоре шіркеуіне жерленеді. Понтифик 88 жасында инсульттен дүние салды. Ол католиктер шіркеуін 2013 жылдың наурызынан бері басқарды. Және де Франциск – осы қызметке таңдалған алғашқы латынамерикалық дінбасы.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу