Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Стаьбұл шаһары аумағында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдіріп, жедел хат жолдады. Стамбұлда кеше болған 6,2 балдық жер сілкінісінен кейінгі тәулікте 250-ге жуық афтершок яғни шағын жер тербелістері тіркелген. Олардың кейбірінің қуаты 5,1 баллға дейін жетті. Қазір халықтың үрейі басылып, түнді далада өткізген мыңдаған тұрғын үйлеріне орала бастаған. Мамандар халықты әлі де болса сақтық шараларын ұмытпауға шақырып отыр. Түркиядағы соңғы ахуалды білу үшін біз осы елдегі тілшіміз Айдос Әшімұлын эфирге қосамыз. Айдос соңғы ақпаратпен бөліссеңіз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Кеше түнді көпшілік тұрғындар сияқты біз де далада өткіздік. Түні бойы жер тербелістері тоқтамады. Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында 4,1 балдық бір дүмпу болды. Содан кейін тербелістер тоқтаған сияқты. Дегенмен мамандар әлі бірнеше күн бойы әлсіз сілкіністер болуы мүмкін деп ескертіп отыр. Сондықтан үйге кірерде ғимараттың құлау қаупі жоқ екеніне нақты көз жеткізген соң ғана кіріңіздер деген нұсқау айтылды. Біз тұрған үйге айтарлықтай нұқсан келмеген. Дегенмен таңертең үйге кіргенде қабырғаларда жарықтар пайда болғанын байқадық.
Айдос қираған немесе зақым келген ғимараттардың жалпы саны белгілі болды ма?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қазірге дейін мамандар 30 мыңға жуық ғимаратты тексеруден өткізген. Бір ескі үй құлаған, 1399 нысанға түрлі деңгейде зақым келіпті. Олардың ішінде тек 7 үй ғана тұруға жарамсыз болып танылды. Ол үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ал Түркияның қала салу министрлігінің мәліметіне сай, Стамбұлда жаңартылуы тиіс 1,5 млн ғимарат бар.
Айдос Әшім
