Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

22.04.2025

Гарвард университеті президент Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді. Себебі элиталық оқу орны мемлекеттің 2,3 миллиард доллар қолдауынан айрылған. Айта кетсек, Трамп билікке келгелі университеттердегі солшыл идеологиямен, антисемитизммен күреске кірісті. Оған әсіресе Газа секторында соғыс басталғалы білім ордаларында Израильге қарсы шерулердің өтуі ұнамаған. Трамп Принстон, Корнелл, Браун университеттерін де қаржыландыруды тоқтатты. Бірақ Гарвард қана сотқа шағымданған. Дегенмен, Американың 100 университеті мен колледжінің президенті Ақ үйдің жоғары білім саясатына, жалпы үкіметтің ғылымға үстемдік ете бастауына наразылық білдіріп, ортақ мәлімедеме жариялады. Алайда Ақ үй бұл жағдайларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу