СҚО-дағы Сергеев қоймасындағы су деңгейі 20 см көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы Сергеев қоймасындағы су деңгейі 20 см көтерілді

19.04.2025

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев қоймасында ернеуінен асқан судың деңгейі соңғы тәулікте 20 сантиметрге көтеріліп, 257 сантиметрге жетті.

Қазір өңірде тасқынның үшінші толқыны жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ал кеше Петрорпавл қаласының Заречный ықшам ауданы су құрсауында қалған еді. Елді мекенге апаратын екі жолды су басты. Қауіпті аймақта блок бекеттер қойылып, төтенше жағдай және полиция қызметі күндіз-түні кезекшілік атқарып жатыр. Ал тұрғындар жаяу көпір және арнайы техниканың көмегімен қатынап жүр. Кешеден бері облыс орталығында Есіл өзенінің деңгейі 1 сантиметрге көтерілді. Мамандардың айтуынша әзірге тұрғындарды эвакуациялаудың қажеттігі жоқ.



Хабарламаларға жазылу