Қазақстан мектептерінде телефонға тыйым салына ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мектептерінде телефонға тыйым салына ма?

17.04.2025

Осындай бастама бізде де көтерілген. Былтыр Президент оқушыларға сабақ үстінде смартфон пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды. Бірақ тек сабақ уақытында телефонға телміруге болмайды. Ал үзіліс кезінде қалтадағы құрылғыны қолдану-қолданбау оқушының өз еркінде. Тек елордадағы бірлі-екілі мектеп тұтастай цифрлық тордың шырмауынан шығу жолын таңдаған. Яғни кейбір білім ошақтарында балалар Еуропадағыдай сынып табалдырығын аттаған сәттен смартфондарын арнайы жәшікке қалдырады. Жаңа ереженің оң ықпалын ұстаздар да, тіпті оқушылардың өздері де байқаған. Ата-аналар да бастаманың тиімді тұсы көп екенін айтады.

Бұл оқу тәртібін еліміздегі барлық мектепке енгізуге болады. Заңда ол да қарастырылған. Тек директорлар батыл шешім қабылдай алса болғаны, дейді депутат Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Яғни, енді мектептер осы телефонды қолдану-қолбанбау, жалпы мектептің ғимаратына оны алып кіру, алып кірмеу деген сұрақты мектептің басшылығы өзі шеше алады деп мектептің басшылығына құзіреттілік бердік. Бірақ көп мектептің директорлары өкінішке қарай бұл жауапкершілікті өзіне ала алмай отыр.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу