Ұлттық банк ескертеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк ескертеді

17.04.2025

Ұлттық банк ескертеді! Интернет алаяқтар алдаудың тағы бір жаңа тәсіліне көшті. Кез келген адамға қоңырау шалып, несиені төлейтін уақыт жақындағанын хабарлайды. Ал қарыз алмағаныңызды айтсаңыз, «Әлдебіреу құжатыңызды жасырын алып, атыңызға рәсімдеген болар. Өтеу керексіз» деп өз дегеніне көндіруге тырысады. Сендіру үшін тіпті уәкілетті тұлғалардың қолы қойылған жалған құжаттарды көрсетіп, жасанды интеллект арқылы банктің кеңсесінде отырғандай кейіп танытатын көрінеді. Ұлттық банк осыған ұқсас хабарлама алғандарды 1477 нөмірі арқылы мамандардан кеңес алуға шақырады.

Гүлфар Артықбаева, ҚР Ұлттық банкі қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы:

Соңғы уақытта Ұлттық банк атынан жалған құжат пен хат тарату жиілеп кетті. Есіңізде болсын, Ұлттық банк жеке тұлғаларға шот ашпайды, несие бермейді және заңгер көмегін ұсынбайды. Күдікті шоттарға ақша аудармаңыз және сенімсіз хабарламаларға алданбаңыз.

Жәнел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу