Түнгі уақытта көше кезіп, ойын-сауық орындарында жүретін балалардың қатары азаймай тұр. Жыл басталған осындай бейқамдыққа жол берген 29 мың ата-ана жауапқа тартылған. Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, өткен аптада полицейлер 5 мыңға жуық жасөспірімді ұстаған. Оның ішінде қараусыз қалған мыңнан астам бала бар. Қазір олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Сонымен бірге, балаларды тәрбиелемеген ата-аналарға қатысты 5 іс тергелуде, ал балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етпеген 1 адамға қатысты тергеу басталған. Министрлік жасөспірімдер қылмысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірледі. Жуырда Мәжіліс қарауына жолдайды.
Асылбек Данияр
