Қазақстанда «cancel culture» мәдениеті қалыптасып келе ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «cancel culture» мәдениеті қалыптасып келе ме?

13.04.2025

Өткенде Шәріп Серік есімді актердің бірге тұрған сүйіктісін лифтіде жұлқылаған видеосы, сосын бойжеткенің өзінің зорлық көретіні туралы комментарийі тарағанда сериал түсіретіндер Шәріп Серікті шақырмайтындарын, тіпті түсіп қойған лентада оны қиып тастайтындарын мәлімдеді.

Қиып тастады да. «Патруль. Соңғы бұйрық» деген фильм прокатқа Шәріп Серік сомдаған кейіпкерсіз шықты. Аз-ақ уақытта қиып тастаған.

Бұл – Cancel culture. Жоққа шығару мәдениеті. Тұрпайы, көргенсіз қылық көрсететін, зорлық жасайтын, бүтін бір ұлттың, халықтың қастерлі дүниесіне түкіре салатын адамды немесе компанияны жоққа шығару. Тәубесіне келтіру.

Cancel culture соңғы аптада тағы байқалды. Тамақ таситын курьер мен тұтынушы арасындағы дауды қоғам қатты талқылады. Курьерді жұмыстан шығарып жіберген дүкендер желісіне бармауға шақырды.

Бұл идеяны құптап, ол дүкенге аттап баспағандар аз емес. Сонымен бірге шағымданған жігіттің кім болып істейтінін іздеп тауып, оның білігіне күмән келтірген жазбалар тарады.

Ал бейсенбіде курьер мен тұтынушының татуластық деп қол алысқан видеосы жарияланды... Дегенмен бұл кейсте басты мәселе тұтынушының жұмыстан шығарылғаны емес екені түсінікті.

Мәселе қазақ тіліне байланысты. Қазақ тілді адам теперіш көрді, демек қазақ тілін мансұқ етті деп ашуланды қоғам. Ал қоғамдағы ынтымақ аса маңызды екенін «ұмытып кететін», бірақ өздерін прогресшіл санайтындар жақсылап ойлануы керек.

Cancel culture туралы кезекті материалды бұл жолы Елдос Есенбол жасады.


Хабарламаларға жазылу