Мұнай бағасының арзандауы Қазақстанға қалай әсер етеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасының арзандауы Қазақстанға қалай әсер етеді?

13.04.2025

«Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді. Келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр» деп хабарлады Ақ орда сайты.

Президент бейсенбіде ғалымдарды марапаттағанда, сосын Шымкентке жұмыс сапары кезінде бұл мәселеге арнайы тоқталды.

Баршаңызға белгілі, жаһандық сауда соғысының өршуі салдарынан дүние жүзінде күрделі ахуал қалыптасып келеді. Егер мұндай текетірес орын алса, оның зардабын барлық ел тартады. Оған еш күмән жоқ.

Шынымен АҚШ президенті Д.Трамптың көздегені не? Адам тұрмайтын аралдарға дейін баж салығын көтереді, бірнеше күннен соң көп мемлекетке 90 күнге шегереді, ал Қытайға салықты 145 процентке дейін апарды.

Енді мынаған қарайық: мұнай бағасы төмендеп барады. Бұл таңғалатын да нәрсе емес. Әлемде сауда-саттық ережесі түбегейлі өзгерсе, дәлірегі – тежелсе, мұнайдың арзандайтынын түсінуге үлкен білім керек емес. Дүниежүзілік ІЖӨ төрттен біріне ие АҚШ оқшаулануға шынымен бет бұрса, экономикалық даму тежеліп, тіпті әлемдік рецессия басталуы мүмкін.

Қай жағдайда да мұнай арзандайды? Қаншаға дейін құлдырайды, мәселе - осында. Біз сияқты шикізатқа тәуелді елдерге жақсы емес. Амангелді Сейітханның сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу