Қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылмақ. Бүгін Премьер-министр қаладағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді. «CTS» компаниясының төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асып жатыр. Бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді. Ал құрылыс жұмыстарына 2 мың адам тартылған, жазда жұмысшылар саны 5 мыңға жетпек. Сондай-ақ Олжас Бектенов толық автоматтандырылған депо мен диспетчерлік орталықтың құрылысымен де танысты. Жоба қытайлық серіктес компаниямен бірлесіп жүзеге асырылуда. Вагондарды өндіріп жатқан қытайлық компанияның басқарма төрағасы тікелей байланысқа шығып, алғашқы екі құрамды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұдан бөлек, Үкімет басшысына LRT бойындағы аумақты абаттандыру жобасы таныстырылды.
Асылбек Дүйсебаев, «CTS» ЖШС басқарма төрағасы:
Өткен жылы біз эстакада, көпірді, станциялардың темір бетон жұмыстарын аяқтадық. Астанада темір бетон шпалдарын өндітерін зауыт іске қосылды. Релсь төсеуді бастадық. Депоның, станциялардың құрылысы жүріп жатыр. Арнайы қызметкерлердің оқуы басталды.
Үкімет басшысы қаланы жылумен қамту жайын тексерді
Сондай-ақ Премьер-министр «Тұран» газ жылу стансасына барды. Әкімдік өкілдері құрылыстың екінші кезеңі аяқталғанын айтты. Бұл қуаты 600 гигакалорияға жеткен еліміздегі ең ірі станса. Нысан Есіл мен Нұра аудандарын және 2 миллион шаршы метр аумақты жылумен қамтамасыз етіп отыр.
Асылбек Данияр
