Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген

10.04.2025

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 521 қылмыс тіркелген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали айтты. Айыпталушылардың арасында 257 лауазымды тұлға бар. Олардың 141-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа 366 қылмыстық іс жіберілген. Ол биыл мемлекет пайдасына 15 миллиард теңге өтелгені туралы баяндады.

Сондай-ақ 2022 жылдан бері 1,13 триллион теңге болатын активтер қайтарылды деді. Антикор төрағасының айтуынша, былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Халықаралық индекс бойынша 40 балға ие болып, 180 елдің арасында 88-орынға тұрақтады.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды одан әрі жалғастыру, тамыр жайған қылмыстық тізбектің жолын кесу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу