Ғалымдар мемлекеттік наградамен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар мемлекеттік наградамен марапатталды

10.04.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды. Бұдан бөлек 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу