Бүгін Трамптың тарифтері күшіне енді
АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемнің ондаған еліне жариялаған тарифі бүгін күшіне енді. Қытай тауарларынан алынатын баж салығы ең жоғары - 104 пайыз. Бұл тарифтер жылдар бойы қалыптасқан халықаралық сауда жүйесін теңселтіп, жаһан экономикасының өсімін тоқтатуы мүмкін. Рецессия қаупі күшейгендіктен, дүниежүзі биржаларында акциялар арзандап, ірі компаниялардың нарықтық құны бір аптаның ішінде триллиондаған долларға төмендеді. Бірақ Трамптың ойынша, тарифтер Америкада импортты шектеп, өндірісті қолдап, азаматтардан алынатын салықты төмендетеді. Сонымен қатар Трампқа сенсек, қазір шет мемлекеттер тарифті азайту туралы келісім жасау үшін Құрама Штаттар үкіметіне ұсыныстарымен шығып жатыр.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Білесіздер ме, олар маған хабарласып, жалынып жатыр. Иә, солай. Олар бізбен келісім жасау үшін өлуге бар. Өтінемін мырза, өтінемін, келісейікші дейді. Ал бұған дейін біздің президенттер жасаған сауда келісімдері өте нашар. Мұны кім мақұлдаған деп таңғаласың. Не алаяқтар, не ақымақтар қабылдаған құжатқа ұқсайды.
Қытай да, Еуропа одағы да Трампты жауапсыз қалдырмақ емес. Бірнеше сағат бұрын Бейжің барлық америкалық тауарға тарифті 84 пайызға дейін жеткізсе, Брюссель бүгін Вашингтонға қарсы шараларын жарияламақ. Болжамдарға қарағанда, Еуропа одағы АҚШ-тан импортталатын жұмыртқаға, құс етіне, жеміс-жидектерге, киім-кешекке және тағы басқа өнімдерге баж салығын 25 пайызға көтеруі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33