Президент әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

09.04.2025

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтау керек. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді. Бүгін әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізген Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты. Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

Оңғар Алпысбайұлы 

Хабарламаларға жазылу