Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

22.12.2017

1-қарашадан 15-желтоқсан аралығында өткен сайыстың нәтижесінде бас жүлдені павлодарлық Денис Романов жеңіп алды. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпазға 2 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. «Байқаудың басты мақсаты - заманауи мәдениетті ұлттық құндылығымызбен жақындастыра түсу», - дейді ұйымдастырушылар. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 137 жұмыс келіп түскен. Бір қызығы, жобаға Франция елінің азаматы да қатысуға ниет білдірген. 

Сәуле Жиенқұлова, дизайнер:

- Тақырып бойынша 6 логотипті жұмыс болды. Халқымыздың құндылығы мен мәдениетінің сақталғанын көрсеткім келді. Негізгі екі түсті алдым. Сары қуанышты білдірсе, ал, көк біздің туымыз, аспанымыз, тазалықтың символы іспеттес.

 

Алтынай БАРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу