Астанада «Елім дегендер» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Елім дегендер» байқауының жеңімпаздары марапатталды

18.11.2023

Астанада «Елім дегендер» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ақтық сынға өңірлік байқауларды жеңіп шыққан 100-ге жуық қатысушы келген. 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін көрсетіп қана қоймай, қалың көрерменге өз өнерін паш етті. Жеңімпаздар «Ақындар мүшәйрасы», «Көркемсөз өнері», «Аспаптық өнер», «Дәстүрлі ән» сияқты төрт номинация бойынша марапатталды. Жалпы жүлде қоры 4 млн теңге болды.

Бауыржан Мәстеков, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы:

Қазір мемлекеттік тіліміз этнос жастары арасында брендке айналып отыр. Яғни, мемлекеттік тілді білу арқылы қазіргі таңда әлеуметтік лифттер арқылы мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалып, этнос өкілдері қазіргі таңда өздерін жақсы қырынан көрсетуге барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар министрлік тарапынан да өз жалғасын табатын болады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу