«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның көптеген аймағында қолайсыз ауа райы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, кейбір аймақтарды қою тұман басып, құйын жел көтеріледі. Қашықтық дұрыс көрінбей, тіпті, суланған тасжол тайғақ болуы да мүмкін. Сондықтан, мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді. Жалпы, қазір жер бетін қуатты магниттік боран басты деген ақпарат бар. Ол 12 сәуірге дейін жалғасуы мүмкін. Айта кетейік, магнитосферадағы өзгерістер кезінде, кей адамдардың жиі басы ауырып, әлсіздік пен шаршау байқалуы мүмкін.
Азамат Бейбітұлы
