Еліміздің басым бөлігінде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

30.04.2024

Елімізде күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова арнайы брифингте айтты. Бүгіннен бастап үш күн қатарынан солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жауын-шашын болады, түнде жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Ал, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын артынан сел жүруі мүмкін. Өзендерде судың деңгейі көтерілу қаупі бар. Күннің күрт суытуына, батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді деп болжайды.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу