Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектік тобын сырттай анықтайтын формат пилоттық режимде сәтті жүзеге асып отыр» деп хабарлапты.
Әрі қарай да цитата. «Қай топқа жататынын білу үшін мүгедектігі бар адам, тіркелген емханасына барып, қажетті тексеруден өту керек. Қалған процесс өтініш иесінің қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жүреді. Бұл әкімшілік және бюрократтық кедергілерді жойып, арнайы комиссияның эксперттік шешімдерінің мөлдір болуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы – қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесуін жойып, коррупциялық тәуекелді азайтады»,- деп сипаттайды министрлік.
Мүгедектік алу жүйкені жұқартатын және жемқорлық бар процесс екені өтірік емес. Өтірік емес екенін министрлік те «коррупциялық тәуекелді азайтады» дегенімен жанама түрде растайды.
Сонымен мүгедектік тобын сырттай анықтайтын форматтың «сәтті іске асып жатқанын» Елдос Есенбол сөйлескен адамдар растай ма?
