Алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Балалар дауысы» шоуында жеңіске жетті. Үздік әнші тікелей эфир кезінде SMS арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.
Суперфинал кезінде 10 жастағы отандасымыз «Океан Ельзы» тобының «Не твоя война» әнін шырқап, талайды таңдай қақтырды. Қаршадай қыздың таланты қазылар алқасын да қайран қалдырды. Ал, тәлімгері Дмитрий Монатик тіпті көз жасына ерік берді. Кеш соңында Данэлия Төлешоваға байқау жүлдесімен қоса Париж қаласындағы «Диснейлендке» жолдама табысталды.
Елдос САПАРҒАЛИ