«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде хабарлады.
Министрлік мұрындық болып отырған сайыс 10 түрлі номинация бойынша үздіктерді анықтамақ. Мақсат – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау. Байқау Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет 23 сәуірде аталып өтетін жаңа мереке «Ұлттық кітап күніне» орай ұйымдастырылып отыр.
Ернұр Медет
