Қазақ әуенін әлемге танытқан дарабоз сазгер. Астанада көрнекті композитор Ғазиза Жұбанованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті. Кеште көпшілікке танымал өнерпаздар отандасымыздың шығармасын орындады. Сонымен қатар, композитордың атақты, № 1 ре минор ішекті аспаптар квартеті және әлемдік классика жауһарлары шырқалды. Кештегі Шуман, Бородин, Дворжак сынды шетелдік композиторлардың романтикалық сарындағы туындылары да көрерменді тәнті етті. Біртуар тұлғаның мерейтойлық концертінің дирижері болған – халықаралық байқаулардың лауреаты Асқар Дүйсенбаев.
Асқар Дүйсенбаев, Мемлекеттік «Академия солистері» оркестрінің концертмейстері:
- Карина Измайлова фортепьянода ойнайды және ол Ғазиза апамыздың немересі болып келеді. Сондықтан, өмір жалғасы ғана емес, музыкалық жалғасы да осы балаларында белгілі болып тұр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ