Ақмола облысында кимешек киген аналар шеруі Қазақстанның рекордтар кітабына жазылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында кимешек киген аналар шеруі Қазақстанның рекордтар кітабына жазылады

22.03.2025

Көкшетауда әз-Наурыз мерекесі 1600 ананың қатысуымен өткен «Ақ кимешек» шеруімен ерекшеленді.

Ұлттық бас киімнің әсемдігі мен даралығын көрсетуге бел буғандардың қатарында аналар кеңесінің мүшелері, көпбалалы аналар мен өңірдің құрметті ақ жаулықты әжелері, ұлттық қолөнер шеберлері бар. «Ақ кимешек» шеруі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Аппақ кимешек киген ақмолалық аналардың Наурыз мерекесіндегі бұл шеруі Қазақстанның рекордтар кітабына жазылады.

Марал Жақыпова, «Ақ кимешек» шеруіне қатысушы:

Аппақ кимешек тағып, аппақ ниетпен, адал жүрекпен, ізгі тілекпен сапқа тұрған аналардың ең басты мақсаты әлемнің тыныштығы, әлемнің бейбітшілігі, әр үйдің құт-берекесі, бірлігі деп ойлаймын.

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу