28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың алтын жұлдыз көшірмесі Талдықорғандағы әскери музейге тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың алтын жұлдыз көшірмесі Талдықорғандағы әскери музейге тапсырылды

17.11.2017

1941 жылдың 16-қарашасында Мәскеу түбіндегі шайқастағы Панфилов дивизиясының ерен ерлігі тарих парақтарынан бәрінің есінде. Кеңес Одағы батыры атағын алған 28 жауынгердің 23-і сол жерде қаза тапты. Солардың қатарында жетісулық Мұсабек Сеңгірбаев та болды. Ерлікті ел ішінде терең насихаттау мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылып, бірқатар азаматтарға Мұсабек Сеңгірбаев атындағы медальдар табысталды. Қолына гранат алып, танкіге қарай ұмтылған қазақ сарбазының батыр қадамы кейінгі ұрпақтың ғылыми жұмысына рухани азық болып отыр. 

Камила Болат, 9-сынып оқушысы:    

- Мұсабек Сеңгірбаевты зерттеу жұмысы бұл өзімнің ауданым, яғни, Шығыс шағын ауданындағы көшеден басталды. Сол көшенің атын көріп, мен бұл адам кім екен деп қызықтым. Біз ешқашанда батырларымызды ұмытпауымыз керек. Өскелең ұрпаққа насихаттап жүруіміз керек. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу