Елімізде снек өнімдеріне тыйым салынбақ
Ақтөбе облысында оқушылардың жаппай улануынан кейін импорттық снек өнімдері сатылымнан алынып тасталды. Енді оларды Қазақстанға кіргізуге тыйым салынбақ. Елде өнім сапасын бақылау бірнеше министрлік арасында бөлінген. Сауда министрлігі тек сауда алаңдарын дамытуға және бағаларды бақылауға жауапты. Ал азық-түлік қауіпсіздігіне Ауыл шаруашылығы министрлігі, өнімнің таңбалануына Қаржы министрлігі жауапты. Бақылаудың жүйесіздігін пайдаланып, кей кәсіпкерлер сапасыз тауар әкеліп жүр, деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қызметі бар. Олар Қазақстанға кіргізілетін барлық тауардың тексеруі керек. Нарық үлкен, өкінішке қарай, бізде жосықсыз бизнесмендер бар. Сондықтан мен әрқашан қаптаманы толығымен оқып шығамын, шығарылған мерзіміне қараймын. Өйткені кейде сатушылардың өздері өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін білмейді. Ақтөбедегі жағдай бойынша өнім Қытайдан келді деп, дәлелсіз айту дұрыс емес. Әлі де сараптамалар жүргізіледі.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33