АҚШ пен Канада арасында тариф дауы ушықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Канада арасында тариф дауы ушықты

12.03.2025

АҚШ пен Канада арасында тариф соғысы өршіп барады. Канаданың Онтарио провинциясы АҚШ-қа электр қуатын экспорттауға 25 пайыз тариф енгізді.

Бұған ашуланған Дональд Трамп көрші болат пен алюминийге баж салығын 50 пайызға жеткізуге уәде берді. Бұған қоса сәуірден бастап бұл елдің автокөлік өнеркәсібіне де салық салатынын айтты. Онтарионың премьері болса Трамп тарифтерді алып тастамайынша, өзі кейін шегінбейтінін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу