Жасанды интеллекттің бақылаусыз дамуы АҚШ-та булингті күшейтті. Әсіресе мектептерде жасанды зерденің көмегімен оқушылардың жалаңаш суретін жасап, әлеуметтік желі арқылы тарату фактісі көбейген. Сондықтан АҚШ Конгресі дипфейк жасайтындарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын арнайы заң жобасын талқылап жатыр. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының материалында толығырақ.
Deepfake - яғни, жасанды интелектінің көмегімен жалған фото, видео жасау немесе өзгенің дауысын клондаудан АҚШ жұрты қартты зардап шегіп отыр. Тәуелсіз зерттеушілердің хабаралауынша, былтыр елде жарты жылда 150 мыңнан астам deepfake видео мен сурет ғаламторға жүктелген. Яғни, саны басқа жылдардағы осындай фактілерді қоса есептегеннен де көп.
Елдің жағасын ұстатқан оқиғаның бірі New Jersey штатындағы мына мектепте болған. 14 жасар бірнеше қыздың жалаңаш суреттері Snapchat әлеуметтік желісі арқылы тарап кетеді. Тексеріс кезінде жалған порнографиялық суреттерді сыныптас бозбаланың жасанды интелект қосымшасын пайдаланып жасағаны анықталады.
Френческо Мани, оқушы:
Ең сорақысы мектеп бұзақылық жасаған балаларды жауапқа тарта алмады. Тек оларды басқа сыныпқа ауыстырғаны болмаса. Жеке өмірге қол сұқпаушылық пен құрметсіздік танытқаны назарға алынбады. Тек 1 ғана бала бір күнге мектептен шеттетілді.
Енді мұндай қылмысқа барғандар жазасыз қалмайды. Тіпті түрмеге түсуі мүмкін. АҚШ сенаты арнайы заң жобасын бекітті. Бұдан былай жасөспірімдердің интимді бейнелерін ол шынайы не фейк болсын жаралағандар мен бөліскендер 3 жылға дейін түрмеге қамалады. Ал заңсыз әрекет ересектерге қатысты болса, 2 жылға дейін жаза қаралған. Сондай-ақ зәбір көруші шағым түсірсе әлеуметтік желі иелері тиісті материалдарды екі күн ішінде алып тастауы міндет. Заңға Мелания Трамп та қолдау білдірді.
Мелания Трамп, АҚШ-тың бірінші ханымы:
Бірінші ханым ретінде маңызды бастамаға қолдау көрсеткім келеді. Цифрлық дәуірде желідегі қауіпсіздік маңызды. Балаларды жаман зиянды әрекеттерден әрдайым қорғауымыз керек. Бүгін бізбен бірге - 15 жасар батыл қыз Элисон отыр. Қатарластары оның келісімсіз интимдік суреттерін жасап, жариялап жіберген. Элисонның отбасы әлеуметтік желіге хабарласып, көмек сұрайды. Алайда олар әрекет еткенше жалған бейнелер дүние жүзінде таралып кетті.
Жалпы, АҚШ-та deepfake қолдану арқылы қылмыс жасау 10 өсе өскен. Федералды тергеу бюросының мәліметіне қарағанда кибер алаяқтар бір жылдың ішінде американдықтардың шамамен $10 млрд долларын ұрлаған. Мұндай қылмыс түрімен күресу үшін ұлттық қауіпсіздік агенттігі тіпті арнайы құрлым да құрды.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Алайда АҚШ-та жасанды интеллектіге қатысты федералдық деңгейдегі заң жоқ. Тек Джо Байден Ақ үй басшысы болып тұрған кезде арнайы жарлық шығарып, компанияларды өз технологияларын көршілік қолданысқа шығармай тұрып, қауіпсіздігін дәлелдеуге міндеттеген еді. Дегенмен бұл қадамды бизнесті тұншықтыру, елдің бәсекелестік қабілетін кеміту деп бағалаған Дональд Трамп қыметіне кіріскен алғашқы күні ақ Байден жарлығының күшін жойған.
Жалғас Сәдібекұлы
