Қазақстаннан қара металды заңсыз экспорттағандар ұсталды. Ішкі істер министрлігі темірді шекара асырып жүргендердің қылмыстық схемасын әшкереледі. Солтүстік Қазақстанда бір кәсіпорын темірді «жоғары легирленген болат» деген атпен Ресейге сатып келген. Тыйымды елемеген компания елден бір жарым мың тоннадан астам металл сынықтарын әкеткен. Іздеу іс-шаралары барысында металл базасының аумағында тағы да салмағы мың тоннаға жуық қара металдың сынықтары, шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон табылған. Осыған ұқсас Маңғыстау облысындағы схеманың көзі жойылды. Онда компаниялардың бірі Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы қара металл жөнелтумен айналысқан.
Оңғар Алпысбайұлы
