ҰБТ тапсырғандардың 57 пайызы ғана шекті балдан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ тапсырғандардың 57 пайызы ғана шекті балдан асты

10.03.2025

Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып жатқан түлектердің 57 пайызы ғана ең төменгі шекті балдан асқан. Нырауздың бірі күні басталған сынаққа 21 мыңға жуық оқушы қатысып үлгерді. Орташа балл 53. Ал ең жоғары балл 135. Тестілеуді түлектердің 63 пайызы қазақ тілінде, 37 пайызы орыс тілінде, 0,2 пайызы ағылшын тілінде тапсыруға өтініш берген. Тестілеудің алғашқы аптасында 22 оқушының нәтижесі жойылды. Олардың оны смартфон пайдалануға тырысса, қалғанын аудиторияда ереже бұзғаны үшін шығарып жіберген. Тестілеу алтыншы сәуірге дейін жалғасады. Осы жолғы науқанға қатысуға барлығы 163 мың түлкен өтініш білдірген.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу