Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі қандай?

09.03.2025

Өткенде де айттық, баланың қатыгездігін көрсететін оқиғалар бірді-екілі жағдай емес. Мәселе бар. Бұған байланысты білікті мамандар «біріншіден бала үйінде көргенін істейді, екіншіден ата-ана «баламның тамағы тоқ, киімі көк, одан артық не керек?!» деп ойлайтын болса, қатыгездікке таңғалмаңыз дейді.

Бала-шағаны асырау керек. Бәріміз жұмыс істейміз. Бәрімізде уақыт жоқ. Дегенмен уақыт табатын ата-аналар бар. Оларға да азық-түлік, оларға да киім-кешек алу керек, олар да жұмыс істейді, олар да шаршайды. Бірақ балаға көңіл бөледі. Ретін табады.

Ешкімге ешнәрсені міндетсімей, бала бірінші, екінші және одан кейінгі кезекте де өзінікі, жауапкершілік те өзінің мойнында екенін түсінетін ата-аналарды Елдос Есенбол тауып тыңдаған, біз де құлақ түрсек.

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу