Басты Жаңалықтар Оңтүстіккореялық әскерилер абайсызда тұрғын үйге бомба тастаған

Оңтүстіккореялық әскерилер абайсызда тұрғын үйге бомба тастаған

Оңтүстіккореялық жойғыш ұшақ абайсызда Солтүстік Кореямен шекарадағы адамдар тұратын ауданға 8 бомба тастады. Оқиға жаттығу кезінде болған. Әуе бомбаларының тек біреуі жарылып, одан 7 адам жараланды. Снарядтардан тұрғын үйлерге, жергілікті ғибадатханаға зақым келген. Оқиғаны тергеу үшін комитет құрылды. Зардап шеккендерге келген шығын толықтай өтеледі.  

Арай Төлегенқызы

Бөлісу