Су кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды

05.03.2025

Көлік жуатын орталықтар лас суды тазартып қайта пайдалануға міндеттелмек. Бұл өндіріс пен құрылыс салаларына да қатысты. Мәжіліс бүгін екінші оқылымды бекіткен Су кодексі жобасында бұл талап көрсетілген. Оның негізінде 2 жылдың ішінде суды қайта пайдалану жоспарын енгізу бар. Жаңа құрылғыларды орнатып, жоспарды жүзеге асыруға тағы 4 жыл уақыт беріледі. Жалпы Су кодексі еліміздің су әлеуетін сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған. Құжатты әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілген.

Болат Бекнияз, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары:

Кодекске экологиялық ағын деген термин енгізіледі. Содан қалған суды өндіріске пайдалануға болады. Ол бірінші. Екінші - суды үнемдеу. Тағы да Ұлттық гидрологиялық қызмет құрылады. Олар жерасты суын зерттеу, пайдалануды зертейді. Өздеріңіз білесіздер жерасты суларын бізде тек ауызсуға ғана пайдаланады. Бірақ жерасты суын суармалы жерлерге де пайдалану керек.

Судың үнемделуін және қайта пайланылуын бассейндік инспекция қадағалайды. Онда жұмыс істейтіндер саны 98-ден 242 адамға дейін көбейтілген.

Айта кету керек, жаңа Су кодексі 121 баптан, 14 тараудан және 6 бөлімнен тұрады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу