Басты Жаңалықтар Жүздеген израильдік кепілдегілерді босатуды талап етті

Жүздеген израильдік кепілдегілерді босатуды талап етті

Израильде жүздеген адам шеруге шығып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың резиденциясы жанындағы жолды жауып тастады. Олар осылайша «Хамастың» кепіліндегі азаматтарды босатуды талап еткен. Талап орындалмайынша, наразы топ тарамауға бекініп отыр. Жексенбіде Нетаньяху Газаға гуманитарлық көмекті кіргізуді тоқтататынын мәлімдеді. Израильдіктер болса, бұл шешім кепіл алмасу келісіміне нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіптенеді.  

Арай Төлегенқызы

Бөлісу