Алғыс айту күні бір-бірімізге деген құрмет пен өзара сыйластықты терең түсінуге мүмкіндік береді. Әрі достық, жанашырлық пен мейірімділік секілді ізгі қасиеттер дәріптеледі. Еліміз үшін айтулы мерекемен өнер майталмандары да құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі:
Бүгін көктемнің шуақты күнінде 1 наурыз Алғыс айту күні құтты болсын. Әр уақытта алғысымызды жаудырып, қазағымыздың көңілін көтеріп, әдемі шақтарда бас қосайық. Алғыс айту күні құтты болсын!
