Алғыс айту күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғыс айту күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр

01.03.2019

Қазақ еліне мың алғыс! Осы ізгі тілегі мен ниетін жеткізіп, қазақ жеріне құрметін көрсету үшін түрлі этнос өкілдері «Қазақ елі» монументі алдына гүл шоқтарын қойды. Алғыс айту күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бұл мейрам биыл үшінші рет тойланып жатыр. Басты міндеті – ортақ тарихты қастерлеу және халық бірлігін нығайту. Бүгінгі шарада «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері әдеби композициялар орындап берді.

Жалпы, бұл мерекеге орай еліміз бойынша 3 мыңнан астам елді мекенде әртүрлі мәдени және қайырымдылық іс-шаралар жоспарланған.

Әскер Периев, Түрік этно-мәдениет орталығының төрағасы:

- Тарихқа үңілетін болсақ, тағдырдың тәлкегімен әлемнің түрлі жерлерінен қазақ еліне қоныс аударып, депортацияға ұшыраған түрлі этнос өкілдерін бауырмал қазақ жұрты құшақ жая қарсы алды.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу