Басты Жаңалықтар Этнос өкілдері бас қосты

Этнос өкілдері бас қосты

Мереке басталып та кетті. Қазір елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайына түрлі этнос өкілдері жиналған. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, әнұран шырқалды. 

Қазақстанды 130-дан астам ұлт мекендейтін болса, бүгінгі шарада солардың барлығы бас қосты. Олар бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындап, дөңгелек үстел басында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен алдағы жоспарын талқылап жатыр. Сонан соң ұлт өкілдері бірігіп «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қояды. Айта кету керек, аталған мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді.

Нұрсұлтан Тілектес

Бөлісу